"АҚТАУ ТЕҢІЗ ПОРТЫ" АЭА" АҚ БАСШЫЛЫҒЫ БІРЫҢҒАЙ ҮЙЛЕСТІРУ ОРТАЛЫҒЫ - "QAZINDUSTRY "ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ЭКСПОРТ ОРТАЛЫҒЫ" АҚ ДЕЛЕГАЦИЯСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін «Ақтау теңіз порты «АЭА» АҚ басшылығы Цифрлық трансформация орталығының директоры Л.С. Жұманалиева бастаған бірыңғай үйлестіру орталығы – «QazIndustry «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ делегациясымен кездесу өткізді. Кездесу барысында өнеркәсіп салаларын, өндірістік процестерді цифрландыру мәселелері, арнайы экономикалық аймақтардың қызметіндегі цифрлық технологияларды дамыту перспективалары талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша АЭА-ға қатысушы компанияларды цифрландыру процестеріне тарту арқылы одан әрі ынтымақтастық туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

«Ақтау теңіз порты» АЭА» АҚ баспасөз қызметі.

 

Желілерде бөлісу:

  • 153